1942 жылдың күзінде әкесі екеуін соғысқа қатар шақыртқан Қазтай Ескендірұлы Тыныштықов алғашында Башқұртстанда орналасқан оқу-жаттығу лагерінде 3 айдай болып, әскери өмірдің әліппесімен танысады.
«Жасының ұлғайғандығын ескеріп, әкемді еңбек армиясына жіберді. Сол кеткеннен қайран әкем хабарсыз кетті. Еңбек армиясынан оралмады...»,-дейді ардагер.
Кейіннен Ленинград, Курск доғасындағы шайқастарға атқыштар полкінің құрамында қатысқан Қазтай қария ротадағы жетпіс атқыштан тоғыз кісі қалған да кез болғанын еске алады.
Тоқсанға шықса да, әлі тың Қазтай ақсақалдың естелігін бүгін 22.40-та «Ұлы Жеңіске – 70 жыл» арнайы тележобасынан көре аласыздар.