1 сәуір мен 31 мамыр аралығында «Бекіре-2015» балық қорғау акциясы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

1 сәуір мен 31 мамыр аралығында «Бекіре-2015» балық қорғау акциясы өтеді

30.03.2015
1 сәуір мен 31 мамыр аралығында «Бекіре-2015» балық қорғау акциясы өтеді

Жыл сайын балық түрлері уылдырық шашу маусымында құқық және табиғат қорғау органдары заңсыз балық аулауға, өткізуге, сатып алуға және оларды заңсыз тасымалдауға жол бермеу үшін бірлесіп жұмыс атқарады.

Қазіргі таңда «Бекіре» балық қорғау акциясын өткізу туралы Ауыл шаруашылығы, Ішкі істер министрлігінің және Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірлескен бұйрығы бекітілуде.

Осы бұйрықпен балық қорғау акциясын өткізу барысында құқық қорғау және табиғатты қорғау органдарының өзара әрекеттесу бойынша Үйлестіру штабының құрамы, сондай-ақ, бірлескен іс-қимыл жоспары бекітіледі.

Акция шеңберінде браконьерлік фактілерінің басым айқындалатын жерлерінде стационарлық, жылжымалы бекеттер және қозғалмалы рейдтік топтар құрылады. Негізгі күштерді Атырау облысының шегіндегі Каспий теңізінің жағалауы мен акваториясында және Жайық пен Қиғаш өзендерінің саға алды кеңістігінде жұмылдыру көзделген, себебі осы жерлерде жиірек браконьерлік фактілер тіркеледі.

Сонымен қатар, қозғалмалы рейдтік топтар «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваттың аумағын бақылау үшін құрылатын болады.

 

strategy2050.kz

Хабарламаларға жазылу