Ұланбатырда еркін және әйелдер күресінен «Mongolia Open-2015» халықаралық турнирі аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұланбатырда еркін және әйелдер күресінен «Mongolia Open-2015» халықаралық турнирі аяқталды

30.03.2015
Ұланбатырда еркін және әйелдер күресінен «Mongolia Open-2015» халықаралық турнирі аяқталды

Ерлер арасындағы бәсекеде 74 келіде сынға түскен отандасымыз Болат Сакаев финалдық белдесуде Доржваанчигийн Гомбодорждан жеңіліп, күміс медальдің иегері атанды.

Ал, әйелдер арасындағы бәсекеде 48 келідегі Азия чемпионы Татьяна Аманжол мен 69 келіде өнер көрсететін Эльмира Сыздықова финалда қарсыластарын айқын басымдықпен ұтып, турнирдің чемпионы атанды.

Сондай-ақ, 58 келідегі Айым Әділдина, 63 келідегі Екатерина Ларионова және 75 келідегі Гүлмарал Еркебаева халықаралық турнирдің қола жүлдесін қанағат тұтты.

Айта кетейік, турнирді ұйымдастырушылар жеңімпаз палуанға 1000, күміс жүлдегерге 800, ал қола жүлдегерге 500 АҚШ долларын табыстады.

Хабарламаларға жазылу