Томирис Жанғазинова: Байқауға елдің атынан шыққан соң, қобалжу болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Томирис Жанғазинова: Байқауға елдің атынан шыққан соң, қобалжу болды

30.03.2015
Томирис Жанғазинова: Байқауға елдің атынан шыққан соң, қобалжу болды

«Байқауда түрлі мемлекеттен  100 адам бақ сынады. Сайыстан алған тәжірибем мол. Себебі, қатысушылардың бәрі шетінен мықты. Байқау болған соң, оның үстіне өзіңнің емес, елдің атынан шыққан соң, қобалжу болды»,-дейді жас әнші.

«Байқауда екі ән орындадым, қазақша және болгар тілінде. Бейбіт Оралұлы мен Шөмішбай Сариевтің «Жаңа толқын – жас ұрпақ» әні маған жеңіс алып келді деп ойлаймын»

«Болашақта әнші, тележүргізуші, актриса болғым келеді. Бүгінге дейін бірнеше фильмге де түстім. Әншілерден Тамара Асар, Маржан Арапбаева, Жанар Дұғалованың өнерін жоғары бағалаймын. Ал, актрисаларға келер болсам, Әлия Телебарисованы ерекше қадірлеймін»,-дейді Томирис Жанғазинова.

Хабарламаларға жазылу