Астанада VIII Астана экономикалық форумы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада VIII Астана экономикалық форумы өтеді

29.03.2015
Астанада VIII Астана экономикалық форумы өтеді

21-22 мамыр күндері Астанада VIII Астана экономикалық форумы өтеді. Астана экономикалық форумы – штаб-пәтері Астанада орналасқан халықаралық ірі форумдардың бірі. Бұл – ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей қолдауымен ұйымдастырылатын халықаралық алаң.

2008 жылдан бері АЭФ жыл сайын әлемнің 150-ден астам елінен 10 мыңнан астам делегат жинайды. Олардың арасында мемлекеттік тұлғалар, жетекші саясаткерлер мен Нобель сыйлығының лауреаттары, қаржы сарапшылары мен бизнес қауымдастықтардың өкілдері бар.

Форумның негізгі мақсаты – әлемдік экономиканың проблемалары мен мүмкіндіктерін талқылау. Халықаралық қауымдастықтағы Қазақстанның рөлі, сондай-ақ, негізгі экономикалық және әлеуметтік мәселелердің шешілу жолдарын анықтау.

АЭФ VIII - «Жасыл экономика»» және инновациялар; Бизнес және капитал нарықтары;  Инклюзивті даму және адами капитал; Интеграция және әлемдік экономика;  Инфрақұрылым; Экспозициялар (көрмелер) тақырыптары аясында өтеді.

Хабарламаларға жазылу