Бүгін Алматы маңында 02 сағат 55 минутта жер сілкінісі болды. Бұл мәліметті ҚР Білім және ғылым министрлгі Ғылым комитетінің Сеймологиялық тәжірибелік әдістемелік экспедициясы мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық станциялар желісі тіркеді.
Тербеліс эпицентрі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 135 шақырым жерде Қырғызстан территориясында болған.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9,6 болса, магнитудасы MPV 4,3, ал тереңдігі 15 шақырымды құраған.