Вирустық инфекциядан қалай сақтануға болады? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Вирустық инфекциядан қалай сақтануға болады?

28.03.2015
Вирустық инфекциядан қалай сақтануға болады?

Жедел респираторлы вирустық инфекция (ЖРВИ) - ең кең тараған барлық жұқпалы аурулардың 90 пайызын құрайтын ауру. Бұл ауруға адамдардың бәрі шалдығады, тек біреулер жиі, біреулер сирек ауырады.  ЖРВИ-дің таралуы қыста жиірек кездеседі, себебі, вирустар бұл кезде белсендірек болады.

ЖРВИ-ді қоздыратын вирустар тыныс жолдарын: мұрын және көмекей, жұтқыншақ және бронхтардың, тіпті өкпенің эпителий жасушаларын зақымдайды.  Қоршаған ортада вирустар тез жойылады, бірақ адамнан адамға ауа тамшылары арқылы жұғады.

Кез-келген респираторлы вирус бүкіл тыныс алу жолдарын емес, тек белгілі бөлігін зақымдайды. Вирустар тыныс жолдарының әртүрлі бөлімдерін талғап орналасуымен сипатталады.

Жалпы, вирустық инфекциядан қалай сақтануға болады? Дерттің алдын алу жолдары қандай? Бүгін 10.05-те «Дауа» хабарынан біле аласыздар.

Хабарламаларға жазылу