Фабио Ару «Вуэльта Каталония» көпкүндігінің төртінші кезеңінде мәреге 11-келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Фабио Ару «Вуэльта Каталония» көпкүндігінің төртінші кезеңінде мәреге 11-келді

27.03.2015
Фабио Ару «Вуэльта Каталония» көпкүндігінің төртінші кезеңінде мәреге 11-келді

Төртінші кезеңнің қорытындысы бойынша америкалық «BMC» командасының өкілі Тиджей ван Гардерен жеңімпаз атанды. Мәре сызығын екінші болып «Sky» өкілі австралиялық Ричи Порта , үшінші «Tinkoff-Saxo» велошабандозы испаниялық Альберто Контадор кесті.

«Astana Pro Team» клубынан ең үздік нәтижені Фабио Ару көрсетті. Ол мәре сызығын 11-кесті. Ал, «Astana Pro Team» клубынан  басқа өкілдері Дарио Катальдо – 39, Паоло Тиралонго — 42, Микель Ланда — 45, Диего Роса — 49, Мигель Анхель Лопес — 70, Давиде Малакарне — 94, Танел Кангерт — 97 орындардан көрінді.

«Вуэльта Каталония». Төртінші кезең 
Tona — La Molina. 188.4 шақырым


1. Тиджей ван Гардерен (АҚШ, «BMC») — 5:00:36
2. Ричи Порт (Австралия, «Sky») — +0:03
3. Альберто Контадор (Испания, «Tinkoff-Saxo») — +0:08

11. Фабио Ару (Италия, «Астана») — +0:24

Жалпы есеп:

1. Барт де Клерк (Бельгия, «Lotto Soudal») — 18:32:02
2. Ричи Порт (Австралия, «Sky») — +0:21
3. Доменико Поццовиво (Италия, «AG2R») — +0:26

7. Фабио Ару (Италия, «Астана») — +0:48
36. Паоло Тиралонго (Италия, «Астана») — +12:45
37. Диего Роса (Италия, «Астана») — +13:32
38. Дарио Катальдо (Италия, «Астана») — +15:18
44. Микель Ланда (Испания, «Астана») — +18:24
85. Давиде Малакарне (Италия, «Астана») — +34:09
93. Танел Кангерт (Эстония, «Астана») — +36:50
107. Мигель Анхель Лопес (Колумбия, «Астана») — +41:59. 

Хабарламаларға жазылу