Алматыда «Туристік-өлкетану жұмыстарының ұйымдастырушыларын дайындау» атты республикалық практикум-семинар басталмақшы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Туристік-өлкетану жұмыстарының ұйымдастырушыларын дайындау» атты республикалық практикум-семинар басталмақшы

26.03.2015
Алматыда «Туристік-өлкетану жұмыстарының ұйымдастырушыларын дайындау» атты республикалық практикум-семинар басталмақшы

Қазақтың Спорт және Туризм академиясында наурыз айының 27-28 күндері Ш. Уәлихановтың 180 жылдығына орай «Білім беру мекемелерінде туристік-өлкетану жұмыстарының ұйымдастырушыларын дайындау» атты республикалық практикум-семинар өтеді.

2014-2015 оқу жылында кейбір қазақстандық орта мектептерде «Өлкетану» сабағы өткізілген. Ал, жаңа оқу жылында арнайы курс түрінде Қазақстанның барлық мектептерінде міндетті пән ретінде оқытылмақ. ҚР Білім және Ғылым министрлігі 7-11 сыныптарға арналған оқулықтар шығаруды қолға алған. Сонымен қатар, осы мәселе бойынша мұғалімдермен аудиториялық және аудиториядан тыс іс-әдістері Спорт және Туризм академиясының Туризм факультетінде оқытылуда.

«Өлкетану» сабақтарын география, биология, тарих пәнінің мұғалімдері немесе туристік өлкетану мамандары оқыта алады.

Тәжірибелік-семинар ҚазСТА-ның Туризм факультетінің тәжірибелі оқытушылары туристік және аймақтық зерттеулер бойынша іс-тәжірибелерімен бөліседі.

 

Фото: Берікбол Төлеген

Хабарламаларға жазылу