Euro-2016: Викторина сұрақтарына жауап беріп, Қазақстан-Исландия матчына билет ұтып ал - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Euro-2016: Викторина сұрақтарына жауап беріп, Қазақстан-Исландия матчына билет ұтып ал

26.03.2015
Euro-2016: Викторина  сұрақтарына жауап беріп, Қазақстан-Исландия матчына билет ұтып ал

1. 2000 жылы ақпан айында Азияның ең үздік голының авторы болған Қазақстандық футболшы? 

2. Қазақстан ФИФА мен АФК-ға (Азия футбол континенті) қай жылы мүшелікке қабылданды? 

3. 2007 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңде Қазақстан құрамасы қанша ұпай жинады және қай бапкер жаттықтырды? 

4. Қазақстан Футбол федерациясы қай жылы құрылды?

5. Қазақстан Ұлттық құрамасы жалпы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде Исландияға қарсы нешінші кездесуін өткізбек? 

6. Еуропа чемпионатының іріктеу аясындағы Қазақстан Ұлттық құрамасының ең ірі жеңісі? Қай құраманы қандай есеппен жеңді? 

7. Қазақстан Ұлттық құрамасын жаттықтырған алғашқы шетелдік маман кім? 

8. 17 жасында Ұлттық құрама сапында алғашқы ойынын өткізген футболшы? 

9. Қазақстан біріншілігінің тарихында ең алғаш 3 рет чемпион атанған клуб? 

10. КСРО құрамасында доп тепкен тұңғыш қазақ? 

11. Қазақ КСР Футбол ассоциациясы қай жылы құрылды? 

12. Қазақстан Ұлттық құрамасы Азия чемпионатына қай жылдан бастап қатысты? 

13. Исландия құрамасының қақпасына алғашқы голл соққан қазақстандық футболшы? 

14. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев қай жылы Қазақстан футбол одағының Құрметті Президенті атанды? 

15. Былтыр (2014) Қазақстан Ұлттық құрамасы жалпы неше кездесу өткізді? 

Сұрақтардың жауабын info@kaztrk.kz электронды мекен-жайға жолдаңыз.

ЕСКЕРТУ: Жауабыңызда сұрақтың реттік саны көрсетілуі тиіс!

Хабарламаларға жазылу