Суретші Жеңіс Нұртасұлының алғашқы ұстазы анасы Күлайхан Пердебайқызы, ал, кәсіби білімді Түркістан қаласынан алған. Бүгінде ол республикалық және халықаралық байқаулардың жеңімпазы.
«Суретпен айтатын ой көп. Әр суретке тоқталатын болсақ, оның ішінде терең тарихы жатады. Сурет өнерінің қыр-сырын меңгеріп, үлкен деңгейге жеткізу – арманым»,-дейді суретші.
Жеке көрме өткізу – қылқалам шеберінің дараланғанының дәлелі. Бейнелеу өнерінде өзіндік бағытын тапқан Жеңіс қазір сол шараға дайындық үстінде. Алғашқы жеке көрмесіне туған жер тақырыбын таңдап алыпты.
«Бұған дейін екі-үш суретші бірлесіп көрме ұйымдастырдық. Ал, бұл тұңғыш жеке көрмем. Көрме туған жерім Түркістанға ғана емес, жалпы Қазақ еліне арналған».
Қылқалам шеберінің қолынан туған тың дүниелерді «Таңшолпанның» сюжетінен көре аласыздар.