Қазақстан мен Қырғыз Республикасының 50 тоннаға жуық өнімін Ресей Федерациясының аумағына кіргізуге тыйым салынды.
Ресей Ауыл шаруашылығын бақылау басқармасының Новосібір облысы бойынша инспекторлары Қырғызстанның қырыққабаты, сәбізі және Қазақстанның жалпы салмағы 48 тоннаны құрайтын құрғақ жемістерін аймаққа кіргізуге тыйым салды.
Бұл туралы басқарманың баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «ҚазАқпарат» хабарлады.
«Жоғарыда аталған өнімдердің фитосанитарлық сертификаттарының жоқ екені анықталды. Сол себептен Қазақстаннан жемістердің 500 көшеті мен раушан гүлінің 8 мың көшетін кіргізуге тыйым салынды.
Халықаралық карантин заңнамасының талаптарына сәйкес, өнімді Ресей Федерациясының аумағына кіргізуге тыйым салынған. Жүктер кері қайтарылды», делінген хабарламада.