Әнші Бейбіт Қорған бүгін таңғы бағдарламада қонақта болды. Жуырда жеке ән-жинағы жарық көрген әнші шығармашылығындағы жаңалықтарымен бөлісті.
«Жинаққа 18 ән енді. оның 16-сы еш жерде орындалмаған, интернетке жарияланбаған жаңа ән. Тек екеуі «Ана туралы», «Сен деп» деген әндер бұрын айтылып жүрген. Сондай-ақ, халыққа тарап кеткен тағы екі «От-от жанарың» және «Соқ-соқ» әндері бұрынғы ән-жинақтарға енбей қалған соң, осында қостық. Болашақта шығармашылық кеш өткізу ойда бар. Бірақ, оған әлі де талай дайындық керек»,-дейді ол.
«Мен өзімді продюсер ретінде көре алмаймын. Себебі, оны алып жүру қиын. Соңымнан еріп келе жатқан бауырларыма білгенімді үйретіп, өзіңнің қателіктеріңді олардың қайталамауын қадағалып отыру – бұл тек ағалық бауырмалдық қана».
Толығырақ – «Таңшолпанда».