Германияда смартфон қолданған жаяу жүргіншілерге айыппұл салынуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Германияда смартфон қолданған жаяу жүргіншілерге айыппұл салынуы мүмкін

23.03.2015
Германияда смартфон қолданған жаяу жүргіншілерге айыппұл салынуы мүмкін

Олардың пікірінше, аталған аппараттарды қолдану қайғылы оқиғалар қаупін өсіреді, деп хабарлайды Euromag.

Жаяу жүргіншілердің Ұлттық қауымдастығы (FUSS) көлікті басқару кезінде телефонмен сөйлескен жүргізушілерге айыппұл салған соң көліктер көп жүретін жерлерде смартфонға қарап, құлаққаппен жүрген адамдарға қатысты хаттамалар толтыруды ұсынған.

Жүріс кезінде мобильдік құрылғыларды қолдану адамның ықылас аударуын төмендетеді, деп сендіруде Берлиндегі қауымдастық. Бұдан басқа, FUSS өкілдері соңғы уақытта смартфондарды жүріс кезінде қолданатын жаяу жүргіншілердің қатысуымен болған жол апаттары санының өсуін көрсетіп отырған зерттеулердің мәліметтерін ұсынуда.

Хабарламаларға жазылу