«Экспресс-К» республикалық басылымының бас директоры Алексей Пан 57 жасында мезгілсіз дүниеден өтті.
Ол ҚазМУ-дің журналистика факультетін тәмамдаған. «Огни Алатау» газетінің тілшісі, «Караван» газетіндегі жарнамалық қызметінде болған. «Еуразиялық өнеркәсіп қауымдастығында» қоғаммен байланыс департаментін басқарған.
2008 жылы «Экспресс-К» республикалық қоғамдық-саяси газетінің бас директоры қызметіне тағайындалды. Алексей Пан – Қазақстанның Құрметті журналисі.
Айта кетейік, Үндістанда отбасымен демалып жатқан журналист суға батып бара жатқан балаларды жағаға алып шыққан. Алайда, қан қысымы салдарынан журналистің жүрегі тоқтап қалған.
Қоштасу рәсімі Алматыда өтеді.