Жеті қазына – қазақтың дәстүрлі дүниетанымындағы философиялық түсініктердің бірі. Қазақ халқы Жеті қазынаны ер жігіттің өмірімен байланыстырады.
Ер жігіттің жүйрік аты – қанаты. Қыран бүркіт – қуаты. Құмай тазысы – абыройын асырар сенімді серігі. Мылтығы – қаһарлы оты. Қақпаны – серті, ауы – әдіс-айласы, кездігі – сұсы.
Халық Жеті қазынаны өмір қажетіне негіз етіп таратқан. Қазақ халқының Жеті қазынаны – жеті ырыс деп атауының да мәні осында.
Жеті қазына туралы тағы не білеміз? Бүгін Ұлттық арнадан сағат 10.30-да және 18.50-де көріңіз.