«Балапан» телеарнасы аутсорсинг компаниялар арасында жариялаған байқаудың қорытындысын жариялайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Балапан» телеарнасы аутсорсинг компаниялар арасында жариялаған байқаудың қорытындысын жариялайды

19.03.2015
«Балапан» телеарнасы аутсорсинг компаниялар арасында жариялаған байқаудың қорытындысын жариялайды

Біліктілік талаптарына сәйкес, жобалардың көрсетіліміне (екінші кезеңге) өткен компаниялар:

1. «Бәрі қолымыздан келеді!» жобасымен «Телемастерская Production House» ЖШС;

2.  «Сен білуге тиіссің» жобасымен «2-М production» ЖШС;

 3. «Энштейн ізімен» жобасымен «Magic Wood» ЖШС;

 4.  «Көңілді химия» жобасымен «Аружан&Компания» Продюсерлік орталығы  ЖШС;

5. «Оп-оңай» жобасымен «2-М production» ЖШС;

6. «Достар шоу» жобасымен «Студия ТТЗ» ЖШС;

7. «Көңілді кеш» жобасымен «Жаңа Арна Media Group» ЖШС

 8. «Спортшы болам шыныққан» жобасымен «Arna Media Production» ЖШС;

9. «Супер батыр» жобасымен «Нұр Аспан» ЖШС;

Ұсынылған өтінімдер және компаниялар  ұсынған көрсетілім бойынша комиссия бағалаудың келесі шарттарын басшылыққа алып, өтінімдерді

  • аталған жанрға жобаның сәйкестігі;
  • айғақтылық және тақырыптың ашылуы;
  • сюжеттің түпнұсқалығы;
  • сапасы;
  • баяндау тілінің және стилінің нақтылығы және түсініктілігі;
  • техникалық жабдықтардың болуы бойынша қарастырды.

Сараптамалық топ бағалау, өтінімдерді салыстыру және  қатысушылар ұсынған көрсетілім қорытындысы бойынша, мынадай  шешім қабылдады:

  1. «Телемастерская Production House» ЖШС өтінімі «Мақта қыз бен мысық» (шартты атауы) жобасымен байқаудың жеңімпазы деп танылсын. Жанры: әлеуметтік-танымдық (телебағдарлама);
  2. «Business TV» ЖШС өтінімі  «Керемет ондық» (шартты атауы) жобасымен байқау жеңімпазы деп танылсын. Жанры: ғылыми-танымдық (телебағдарлама);
  3. «Голд Синема» ЖШС өтінімі  «Шытырман» (шартты атауы) жобасымен байқау жеңімпазы деп танылсын. Жанры: спорттық-танымдық (телебағдарлама).

Хабарламаларға жазылу