18 наурызда Астанадағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің музейінде «Мыңжылдықтар сәулесі» атты көрме ашылады, деп хабарлайды astana.kz.
Көрмеге түркі әлемінің рухани орталығы –Түркістанның мұрасы қойылады. Сондай-ақ, астаналықтардың назарына 60-тан астам археологиялық және этнографиялық артефактер, әр дәуірге жататын бірегей шырақдандар үлгілері, отты өшуден сақтаған кірпіштер, далалық зерттеулер нәтижелері ұсынылады.
Шараны «Ұлттық игілік» музейаралық серіктестік жобасы аясында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражай қоры (Түркістан қаласы) ұйымдастырмақ.
Айта кетейік, «Мыңжылдықтар сәулесі» көрмесі 13 сәуірге дейін жалғасады.