«Гүлдер» ашқан жұлдыздар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Гүлдер» ашқан жұлдыздар

17.03.2015
«Гүлдер» ашқан жұлдыздар

Қазақ эстрадасында «Гүлдер» ансамблінің алар орны ерекше. Ән, би, цирк, тіпті пантомимо секілді бірнеше өнердің басын құраған бұл ансамбль 1969 жылдың 29 қазанында дүниеге келді.

Негізін қалаушы, сол тұстағы қазақ қыздарының ішінде дарынымен, алғырлығымен топ жарған, сан қырлы талант иесі Гүлжиһан Қалиқызы.

Бүгінгі «Айтуға оңай...» осынау ғажап тұлға мен кезінде «Гүлдер» ансамблінің құрамында ән салып, елімізде ғана емес, шет мемлекеттерге  шығып, қазақ әнін, дәстүрін, жалпы қазақты танытқан дәстүрлі әнші Қалампыр Рақымова турасында сыр шертеді.

Сондай-ақ, бағдарлама барысында «Гүлдердің» бүгіні кешегісі мен туралы әңгіме өрбімек. 21.05-те Ұлттық арнадан көріңіз.

Хабарламаларға жазылу