«Таңшолпанда» - «Сарыарқа» тобы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпанда» - «Сарыарқа» тобы

16.03.2015
«Таңшолпанда» - «Сарыарқа» тобы

«2006 жылы «Алтын самұрық» деген  тележобада алғаш тұсауымыз кесілді. Сонда Қанат Жүнісовтің сөзіне жазылған  Қайрат Баекеновтің «Хор қызы» әнімен шықтық.  2010 жылдан бастап жұмысқа нақты кірістік.

Бүгінде қоржынымызда 30-ға жуық ән бар. Жақында «Бойжеткен» деген әнге үшінші бейнебаянымызды түсірдік. «Сүйген жүрек», «Арқа аруы» деген жаңа әндер жазылып жатыр»,-дейді жаңалықтарымен бөліскен топ мүшелері.

«Бүгінгі қазақ сахнасына халыққа жақын әндер керек сияқты. Оның ішінде халық әндері бар, патриоттық әндер бар.  Соларды аға буын сазгерлермен ақылдаса отырып, жаңаша сипатта беру қажет»,-дейді Қанат Сембеков.

Хабарламаларға жазылу