Қазақтың күйшілік өнеріндегі көне күйлердің бірі – халық күйі «Ақсақ құлан». Бұл күйдің шығу тарихы қазақтың төл аспабы домбырамен байланысты.
Бізге жеткен, осы күнде айтылып, әртүрлі басылымдарда жарияланып жүрген бұл күйдің аңызы бойынша ертеректе домбыра үш ішекті, көмей тесігі болмаған деп жазылып келеді.
«Күйші Кетбұға хан алдында күй тартқанда домбыраның үнінен «Балаң өлді, Жошы хан!» деген сөздер естілді», деп келтіріледі.
«Ақсақ құлан» күйін бүгінгі күнге жеткізуші кім? Бүгін 13.30-да «Телқоңырдан» көріңіз.