«Түнгі студияда» - Алуа Қонарова - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Түнгі студияда» - Алуа Қонарова

13.03.2015
«Түнгі студияда» - Алуа Қонарова

Алуа Қонарова – қазақстандық продюсерлер арасында еңбекқорлығымен ерекшеленетін жан.

Адамның жұлдыз болып қалыптасуына қатысты продюсер: «Ең алдымен керегі – талант және еңбекқорлық. Мен табиғат берген талантынан бөлек, тәрбиелі, ішкі мәдениеті бай, мінезі көркем жандармен жұмыс істеуді қалаймын. Себебі, адам мың жерден талантты болсын, мінезі шатақ болса, ол адаммен жұмыс істеу мүмкін емес»,-дейді.

Бірнеше жылдан бері Алуа Қонарованың жетекшілігінде келе жатқан «Rin’Go» тобының бүгінде жеткен жетістіктері аз емес. Республикалық байқауларды былай қойғанда, халықаралық сайыстардан да топ жүлдесіз қайтпады.

Қазіргі таңда «Rin'Go», «Juniors», «Ayumi» топтарының продюсері Алуа Қонарова бүгін 23.30-да «Түнгі студияда» қонақта.

Хабарламаларға жазылу