Бала тәрбиесі – ауыр да үздіксіз еңбек екені белгілі. Сондай-ақ, бала біреуге қарап еліктейтіні айдан анық. Сондықтан, ата-ана бала үшін ең бірінші идеал болады.
Мысалы, әкесі баласына: «Тамақ ішпес бұрыс қолыңды жу», деп өзі жұмыстан келген бетте сол талапты орындамаса, балаға қанша ұрысқанымен ол әкесінің айтқанын істемейді. Бұл кезде талап ету мен нақты іс-әрекеттің сай келмеуі пайда болады.
Мектепке дейінгі тәрбие қандай болуы керек? Қымбат Әбілдақызы бүгін 19.10-да «Иман айнасы» хабарында бала тәрбиесіне қатысты пікірін ортаға салады.