Шығармашылығындағы жаңалықтарымен бөліскен әнші: «Ассамблея жылына орай «Қазақ елі – достықтың мекені» деген ән жазылды. Композиторлары – Серікжан, Әліби Әбдінұровтар, ал, сөзін жазғандар – Ернұр Сейдахмет, Жібек Айдынбекова және Виктор Правдин. Ән екі тілде.
Тағы бір айта кетер жаңалық, жақында шығармашылық кеш ұйымдастырмақ ойым бар. Концерт «Астана-Варшава» деп аталады. Яғни, алғашқы кешті Астанада берсек, екінші кеш Варшавада өтеді»,-дейді.
Еуропада мәртебелі атаққа ие болған жалғыз қазақ әншісі Бибігүл Ысқақова: «Бұл менің ғана емес, менің халқымды, Қазақстанымды сыйлап берген атақ деп білемін»,-дейді.
Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көріңіз.