«Жеңгесі жақсы қандай-ды...» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жеңгесі жақсы қандай-ды...»

10.03.2015
«Жеңгесі жақсы қандай-ды...»

Жеңге – мәртебесі ешбір заңсыз-ақ белгіленген, қазақ қоғамындағы аса қадірлі жан. Ол – біреуге жар, біреуге келін, біреуге абысын, ең бастысы – ана.

Ол ағайын-туыс арасындағы ынтымаққа, сыйластыққа сол аналық үлкен жүрегімен қалтқысыз қызмет етеді.

Әулеттегі ұлдың ұлағатты, қыздың инабатты болып өсуіне өзінің көркем мінезімен, жайдары жаратылысымен жол көрсетеді. 

Бүгінгі жеңгелер қандай? Қазіргілер қайындарына ат қоя ма? Жалпы, жеңгелердің өзінен кішілерге ат қоюының сыры неде? Бүгін 21.05-те «Айтуға оңайда» қонақта болған жеңгелердің әңгімесін тыңдаңыз.

Хабарламаларға жазылу