9 наурызда ел аумағының басым бөлігінде жауын-шашын болып, желдің күшеюі күтілуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

9 наурызда ел аумағының басым бөлігінде жауын-шашын болып, желдің күшеюі күтілуде

09.03.2015
9 наурызда ел аумағының басым бөлігінде жауын-шашын болып, желдің күшеюі күтілуде

Дүйсенбі, 9 наурызда Қазақстанның басым аумағы антициклонның ықпалында болады. Атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты оңтүстікте және оңтүстік шығыста көбінесе жаңбыр жауады. Тұман түседі, көктайғақ болып, жел күшейеді.

Қазгидрометтің хабарлауынша, Қарағанды облысында кей жерлерде тұман түсуі ықтимал, көктайғақ, желдің жылдамдығы 15-20 м/с.

Қызылорда облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ, күндіз жел күшейіп, жылдамдығы 15-20 м-с.-қа жетеді.

Жамбыл облысында да кей жерлерге тұман түседі, желдің екпіні 15-20 м/с.

Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде 15-20 м/с. жылдамдықпен жел тұрады.

Алматы облысындағы Жалаңашкөл аумағында жел күшейіп, жылдамдығы 17-22 м/с.қа жетуі ықтимал.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, облыстарында, түнде Павлодар облысында кей жерлерге тұман түсуі мүмкін.

Хабарламаларға жазылу