«Жарқын бейне» Мәдина Ералиеваны еске алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жарқын бейне» Мәдина Ералиеваны еске алады

08.03.2015
«Жарқын бейне» Мәдина Ералиеваны еске алады

«Нұр жауып тұрған көктемде» дүниеге келген Мәдина Ералиева өзіне ғана тән ғажап үні бар, қазақ даласындай кең тынысты, мақпал дауысты әнші еді.

Әнші орындаған «Айқаракөз», «Күрең күз», «Кірмеші, жиі түсіме», «Ақбаян», «Жылқы ішінде ала жүр»,  «Сағым жылдар» атты әндер әлі күнге тыңдарманын жоғалтқан жоқ.

Қазақстанның Халық әртісі Мәдина Ералиева халық әндеріне,  лирикалық әндерге өзгеше жан бітірді. Замандастарының айтуынша, әнші ән таңдауға келгенде өте талғампаз болыпты.

Бүгін 14.10-да «Жарқын бейне» хабарынан әншінің өмірі мен шығармашылығы туралы толығырақ біле аласыздар.

Хабарламаларға жазылу