Халқымыз «Қызға қырық үйден тыю, қала берсе, қара күңнен тыю» деген мақалға қаншама философиялық ой сыйғызған. Яғни, қыз бала тәрбиесіне тек қана анасы ғана жауапты емес, бүкіл ауыл, ру жауапты болған. Себебі, қыз бала тәрбиесін ұрпақ тәрбиесі деп білген.
Қыз баланы құрметтеу, олардың алдында дөрекі сөйлемей, ізетті болу – халқымыздың игі дәстүрлерінің бірі. Бүгінгі бойжеткенге ертеңгі ана деп қараған қазақта қыз бала тәрбиесіне қатысты талай нақыл сөз, мақал бар.
Бүгінгі тәрбие қандай? Әйел бақытының өлшемі неде? Бүгін 19.10-да «Иман айнасынан» көріңіз.