«Каспий Цемент» зауыты – индустрияландыру бағдарламасының көмегімен салынған. Бүгінде жемісті еңбек етіп келе жатқан еліміздегі ең ірі цемент зауыты жылына 800 мың тонна цемент шығаруға қауқарлы.
Зауыт шикізатты қазу үшін үш аумақты таңдап алған. Олар: топырақ алуға – Аусар карьері, құм алуға – Шақырған карьері, бор алуға – Оңтүстік Шетпе карьері. Бұлардың әрқайсысының технологиялық ерекшеліктері мен өндіріс көлемі әрқилы.
300-ден астам қызметкері бар зауыттың бүгінгі тірлігі туралы білгіңіз келсе, бүгін 19.10-да «Индустрияландыру: Ұлттық өндіріс» хабарын көріңіз.