Есеппен неке қиюға құмар қыздар неге көп? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Есеппен неке қиюға құмар қыздар неге көп?

05.03.2015
Есеппен неке қиюға құмар қыздар неге көп?

Қазіргі кезде сезім­нен гөрі есеппен, «сценарий» бойынша үйленіп жатқандар көп. Бір-бірін жақсы көрмесе де, белгілі бір жоспар бойынша бас қосып, одан әрі өмір сүріп жатқандарды бүгінде  екі аттап-ақ табуға болады­.

«Махаббат үйленген соң жоғалатын сезім, ал есеп өмір бойы таусылмайды», деген пікірді қостайтындар қатары да жетерлік. Дегенмен,  есеппен үйлену­дің соңы жақсылыққа әкелмейтінін алға тартатындар да бар.

Есеппен шаңырақ көтеру  көп жағдайда ата-ананың, жеңгелердің араласуымен болып жатады. Яғни, бұл – «ұпайы түгел – ұтылмас» дегеннің кері.

Мансапқұмар қыздар есепқұмар келіндерге айналады. Қоғамда қалыптасқан пікір, қыздарға тым есепшіл, сезімді ысырып тастай салатын суыққанды деген мінездеме береді. Бұл қаншалықты рас? Қалың мал немесе есеппен неке қиюға құмар қыздар неге көп? Бүгін 15.05-те «Әйел бақытын» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу