Мәнерлеп сырғанаудан Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері қазақстандық Денис Тен және 2007 жылғы Әлем чемпионы франциялық Брайан Жубер Франция күні аясында Алматыдағы «Медеу» мұз айдынында өнер көрсетеді, деп хабарлайды sk-sport.kz.
Сондай-ақ, бұл кешке Александр Любченко, Жан-Дени Санши мен Анна Овчарова да қатысады.
Франциялық альянстың қолдауымен өтетін аталмыш фестиваль 7-наурыз күні Шымбұлақта күндізгі сағат 10:00 басталып, Медеуде мұз айдынында жалғасын табады.
Ал, кешкі сағат 19.00-да «Медеу» мұз айдынында мұз шоуы өткізіледі.