Жас кәсіпкер Құмар Жұмахан көлікке арналған қазақша жабулар жасап шығарады. Ою-өрнекпен көмкерілген отандық өнім естіген елді елең еткізді. Әзірге оның төрт түрін халыққа ұсынған Құмар келешекте өндіріс көлемін кеңейтуді жоспарлап отыр. Ұлттық нақыштағы бұйымдар көбіне қолдан тігіледі. Ең басты ерекшелігі – жабулар әмбебап. Әр маусымға лайықталған.
«Біздің автокөлікке ұсынып отырған жабуларымыздың бірнеше артықшылығы бар. Алдымен, қазақтың ұлттық нақышын пайдаландық, екіншіден, жабу екіжақты. Маусым сайын жабу сатып алып, шығындалмай-ақ, бірінші бетін қыс мезгілінде, екінші бетін жазда пайдалануға болады»,-дейді кәсіпкер.
Айрықша автожабулар оңай тігіледі, тек әшекейін сапалы салса болғаны. Ою-өрнекті пайдаланудың да өз заңдылықтары бар. Сондықтан, Құмар жабуды сәндер алдында қолөнер шеберлерімен пікірлесіп, ғылыми еңбектерді басшылыққа алған, дизайнерлердің талғамына жүгінген.
Толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.