«Поэзия әлемінде» - Анар Шамшадинова - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Поэзия әлемінде» - Анар Шамшадинова

28.02.2015
«Поэзия әлемінде» - Анар Шамшадинова

Анар Амангелдіқызы Шамшадинова – 1974 жылы Маңғыстау облысында дүниеге келген. 1996-1997 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика және шығыстану факультетін тәмамдаған.

Анар ақын өлеңге бала кезінен әуестенген. Студент шағынан бірқатар жыр сайыстарына қатысып, жырсүйер қауымның назарына ілігеді.

Ол «Поэзия көктемі - 2000» студенттер байқауының жеңімпазы, «Шабыт-2003» халықаралық фестивалінің 3-орын иегері. Сондай-ақ, 2000  жылғы «Қазақстаным - қара шаңырағым» атты республикалық радио мүшәйрасының жүлдегері, Жарасқан Әбдіраш атындағы сыйлықтың арнайы жүлдесін алған.

2001 жылы «Жазушы» баспасынан жас ақынның «Жанар» атты тұңғыш өлеңдер жинағы жарық көрді. Бірқатар жыр топтамалары «Жыр керуені»,  «Қыз ғұмыр», «Маңғыстау ақындарының антологиясы» атты ұжымдық жинақтарға енді.

2004 жылы «Информ-А»  баспасынан «Жоқсың сен»,  2009 жылы  «Жазушы» баспасынан «Кешірсең мені сен ғана» және 2010 жылы «Тамызда қайтып оралшы» атты жыр  жинақтары жарық көрген.

Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы толығырақ бүгін 13.00-де «Поэзия әлемі» хабарынан біле аласыздар.

Поэзия!

Поэзия!

Баба рухынан бата алдым,

Даламнан сосын, шабыттың көзі ол сенде.

Қазақтың бүгін бір ақын қызы атандым,

Енді арманым жоқ, өлсем де.

 

Құдіретіңе табындым,

Құрбаның енін, өзге мен жұртым естісін.

Үнімді таныр тауларым мен нуларым, өзен ағынды

Көз жұмып кетсем, дәл қазір иә кешкісін.

 

Ақын боп туған екенмін, ақын боп өлу мұратым,

Аманат саған туған жер, далам, қырларым,

Мұрағаттарда мұнтаздай болып тұратын

Сырымды сатпас жырларым.

 

Туған ел!

Тындыра алдым ба бірдеңе?

Мұң толы жырлар қаламмен тапқан байлғым.

Ақынның атын жамылып босқа жүр деме,

Кінәмдә кешір сүрлеген –

Жарқ ете қалам жайлы күн.

Хабарламаларға жазылу