Шоқан Уәлиханов пен Федор Достоевскийдің ерекше достығы мен бірге түскен фотосуретінің тарихы туралы не білесіз? Екі тұлға бірге түскен суретте 1858 жыл деп көрсетілген. Демек, бұл кезде Достоевский 37 болса, Шоқан Шыңғысұлы 23 жаста болуы керек.
Достоевский Семейден кеткелі жатқан, ал, Уәлиханов Қашқариядағы саяхаттан енді ғана оралған кезі.
Атақты фотограф Лейвин Семейдің тұңғыш фотографы еді. Верный қаласының да тұңғыш фотографтарының біріне айналған. Ол кезде суреттің бір ғана данасы берілген, көшірмесі болмаған.
Бірақ, Уәлиханов пен Достоевский суретке бірнеше рет түсті деген болжам бар. Мысалы, Федор Михайловичтің Капустино деген танысы оған былай деп жазған: «Сізбен көп нәрсе туралы сұрағым келеді. Қазір менде Уәлихановпен бірге түскен сурет бар. Осы сурет басқа достарымның портреттерінің арасында тұрады».
Фотосуреттің басқа да сырлары туралы «Таңшолпаннан» біле аласыздар.