Жас әнші Қанат Әмірханның шығармашылық кеші өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жас әнші Қанат Әмірханның шығармашылық кеші өтеді

25.02.2015
Жас әнші Қанат Әмірханның шығармашылық кеші өтеді

Сахнада жүргеніне көп уақыт бола қоймаса да, шығармашылық кешін өткізуді жоспарлап отырған Қанат Әмірхан – дәстүрлі әнші. Ол әсіресе, Арқа мектебінің әндерін әуелете шырқап, халыққа жақын шығармаларды ғана орындайды.

Жүсіпбек Елебеков атындағы эстрада-цирк колледжін тәмамдаған жігіт атақты Қайрат Байбосыновтың шәкірті. Жақсыдан тәлім алып, тағылымын таныған жас талапкер енді өнердегі өз жолын тапқысы келеді.

Әнші Нұрлан Албан: «Мен Қанаттың шығарған әндерінен қазақтың сайын даласын елестеттім. Мен мөлдір Алакөлді көрдім, мен Хан-Тәңірін көрдім, Алатау, Қаратауды, Алтай Атырауды көрдім. Оның мақамының өзі тұнып тұрған қазақы әуен»,-дейді.

Қанат Әмірхан республикалық және халықаралық  байқауларда талай мәрте топ жарған. Колледж қабырғасында жүріп-ақ, композиторлық қырымен танылған жастың бүгінде «Күрсінбеші», «Маржаным», «Қыздар-ай», «Қарындасыма», «Ата-анам», «Нар тұлға», «Аппақ құсым», «Туған жер» секілді әндері бар.

 Ал, «Сары ала қаз сағыныш» атты әнін Нұрғали Нүсіпжановтың өзі аттай қалап алыпты. «Сағынышым қаз болып ұшып кетті, соны қарсы ал», деген назы, еркелігі бар әнде.  Әннің мәнері, ұлттық үлгідегі иірімі үйлесім тапқан»,-дейді Нұрғали Нүсіпжанов.

Толығырақ «Таңшолпанда».

Хабарламаларға жазылу