Аптадағы спорт жаңалықтарынан хабардар болыңыз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аптадағы спорт жаңалықтарынан хабардар болыңыз

24.02.2015
Аптадағы спорт жаңалықтарынан хабардар болыңыз

Осы аптада спорт әлемінде болған ең негізгі жаңалық –  Геннадий Головкин мен Мартин Мюррей арасындағы жекпе-жек. Қазақстандық былғары қолғап шебері британиялық боксшыдан басым түсті.  Қарсыласын 3 рет нокдаунға жіберген Гена 11-ші раундта айқын  жеңіске жетті.

Сондай-ақ, Астананың «Барыс» хоккей клубы сырт алаңда Хабаровскінің «Амур» клубын жеңіп, Құрлықтық хоккей лигасының (КХЛ) плей-офф кезеңіне өтуге жеткілікті ұпай жинады.

Ауыр атлетикадан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы ел чемпионаты бүгін қорытындыланады. Кімдердің бағы жанып, озық шығар екен?

Бүгін 12.55-те «Sport.KZ» хабарынан көріңіз.

Хабарламаларға жазылу