Байкал көлінің деңгейі 465 метрге дейін төмендеген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Байкал көлінің деңгейі 465 метрге дейін төмендеген

21.02.2015
Байкал көлінің  деңгейі  465 метрге дейін төмендеген

Әлемдегі ең терең көл - Байкалдың суы 465 метрге дейін төмендеген.

Ресей Гидрометрологиялық орталығы мамандары көл суының мөлшері мамыр айына дейін тағы 13-15 сантиметрге түседі, деген болжам жасауда.  

Бұған себеп, 2014 жылдың жаз және күз айларында көлге келіп құйылатын судың мөлшері белгіленген шаманың тек 67 пайызын құраған.

«Көл суының төмендеуі орман өртінің қауіптілігін тудырып отыр», дейді РҒА География институтының  ғылым жөніндегі директор орынбасары Аркадий Тишков.

Қазіргі уақытта елдің Төтенше жағдайлар министрлігі Иркутск облысы мен Бурятия аймақтарындағы потенциалды қауіпті және әлеуметтік маңызы бар нысандардың  көл суының экстремалды төмендеу жағдайында жұмыс істеу мүмкіндіктерін тексеруде.

 

Фото: ria.ru

Хабарламаларға жазылу