Жамбыл станциясынан Жеңістің 70 жылдығын мерекелеуге арналған «Жеңіске тағзым!» пойызы жолға шықты.
Жеңіс пойызы білікті дәрігерлер, әлеуметтік және мәдениет саласы қызметкерлерінен жасақталған. Сондай-ақ, азық-түлік тиелген вагондар бар.
Пойызды жолға шығарып салу салтанатына Жамбыл жол бөлімшесінің ұжымы, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы және Қазақстан халқы Ассамблеясының аймақтық филиалының өкілдері қатысты.
«Жеңіске тағзым!» экипажы «Жамбыл-Бурное-Жаңатас», «Жамбыл- Шу-Шығанақ-Отар» бағытында 50-ге жуық станцияға аялдайды.
Сапар аясында екі мыңға жуық майдангер мен еңбек ардагерлеріне медициналық, материалдық көмектер көрсетілмек.