Ұлттық арна көрермендерінің сұрауы бойынша «Ұстаз» телехикаясы сенбі-жексенбі күндері эфирге қайта шығады. Фильм желісі бойынша, қала типтес ауылдардың біріне мектеп салынады.
Алайда, нысан салынып бітісімен, бірден кадр тапшылығы мәселесі бой көтереді. Мектептің директоры Байзақов Білім министрлігіне оқу ордасына жас мамандарды жолдау жөнінде сұраныс жібереді.
Дәл осы сәтте Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтын Салтанат есімді бойжеткен қызыл дипломмен аяқтайды. Кейін ол маман сұраған директор Байзақовтың мектебіне кетеді.
Осы мезгілде Қайрат атты студент те оқуын тәмамдап, өзін физика пәнінің мұғалімі ретінде ұсынады. Ол да сол Байзақовқа жіберіледі.
Салтанат пен Қайраттан басқа, бұл ауылға дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Бақыт, географиядан сабақ беретін Мөлдір және ағылшын тілінің маманы Жәнібек келеді.
Осылайша, жас мамандардың бір ауылға жиналуы қызықты хикаялардың басталуына негіз болады...
Телехикаяның 1-3-ші бөлімдерін бүгін сағат 14.15-те тамашалай аласыздар.