Жарты жылдан астам уақыт көрерменнің көзайымына айналған «Қазақстан дауысы» 15 ақпанда екінші маусымын түйіндеді. Қазақстандық телевизия саласындағы рейтингтік үлес салмағы жоғары мега-жоба жұршылықтың ықыласын ерекше аударды.
Финалға төрт үміткер іріктелді. Алайда, Алмас Кішкенбаевтың шәкірті Бауыржан Ретбаев қарсыластарын басып озып, «Қазақстан дауысы» атанды.
Жобаның соңғы сынын қайталап көргіңіз келсе, бүгін 11.25-те Ұлттық арнаны қосыңыз.