Геннадий Головкин мен Мартин Мюррей салмақ өлшеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Геннадий Головкин мен Мартин Мюррей салмақ өлшеді

20.02.2015
Геннадий Головкин мен Мартин Мюррей салмақ өлшеді

Салмақ өлшеу рәсімінде екі боксшының да жанкүйерлері көп болды. Сонымен салмақ өлшеу нәтижесі бойынша Геннадий Голокиннің салмағы 72,1 келі, ал Мартин Мюррейдікі 72,5 келі тартты.

Еске сала кетейік, Головкин мен Мюррейдің жекпе-жегі болатын бокс кеші 21 ақпанда (21-ші ақпаннан 22-ші ақпанға қараған түні) Астана уақыты бойынша сағат 01:25-те басталады.

Бокс кешін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Ойын барысын ел аумағында онлайн трансляциялау құқығы kaztrk.kz порталына берілген. Ал, жекпе-жектің қайталауын 22 ақпанда «KAZsport» телеарнасынан тамашалай аласыздар.

 

Фото: ВКонтакте желісіндегі «Геннадий GGG Головкин» тобы

Хабарламаларға жазылу