Балалар құқығын қорғай алып жүрміз бе? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балалар құқығын қорғай алып жүрміз бе?

20.02.2015
Балалар құқығын қорғай алып жүрміз бе?

Ата-ана баласын тәрбиелей отырып, оны қорғауы тиіс. Әлі кәмелет жасқа жетпегендіктен, қабілеті толық қалыптаспағандықтан, бала өз мүддесін қорғай алмайды. Сондықтан ата-ана, біріншіден, балаларының құқығын қорғауға міндетті. Бұл оның мүлкіне де, жеке басына да қатысты.

Екіншіден, балалардың мүддесін қорғауға Заң жүзінде белгіленетін құқық бар. Құқықты қорғауға баланың құқығын бұзуға жол бермеу үшін күресу мәселесі де қосылады. Ата-ана өздерінің баласына былай да теріс қарамайтыны табиғи нәрсе.

Дегенмен, өмірде келеңсіз жағдайлар кездесетіні жасырын емес. Тәрбиеден қате кетсе, оның салдары ата-ананың өзіне тиеді. Тәрбиесіздік пен адамгершілікке жатпайтын тәртіп балаға да, тұтас қоғамға да зиян тигізеді.

Біздің елдегі балалардың құқығын қорғау жүйесі қалай? Балаларды барынша қорғау үшін қандай шаралар атқарылуда? Бүгін 17.50-де «Өзекжарды» хабарын көріңіз. Хабарда ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалар құқын қорғау комитетінің төрайымы Забира Оразәлиева қонақта.

Хабарламаларға жазылу