Қонақ күту, қонақжайлылық қазақпен бірге тұтасып кеткен ұғымдар. Себебі, қазақ халқы кез келген адамды танысын, танымасын «құдайы қонақпын» десе болды, жылы шыраймен қарсы алып отырған.
Оның үстіне қазақта «Қырықтың бірі қыдыр», «Қонақты қусаң – құт, ырыс, қашады», «Қонақпен еріп құт, ырыс келеді» деген сөздер бар. Ал, қазіргі қоғам қонақты қалай күтеді?
Қонақжай келіншектің құпиясы неде? Жұмысбасты қыздарға үй шаруасындағы шеберлікті қайдан үренуге болады? Қонақты риза қыла білудің шеберлік сыныптары, дастархан мәзірінің мәні турасында бүгін 15.05-те «Әйел бақыты» ток-шоуынан көріңіз.