Олардың барлығының да өзіндік ерекшеліктері бар. Газды турбинді қондырғыларды жөндеу мен оларға сервистік қызмет көрсету бойынша зауыт Өзбекстан, Түрікменстан, Ресейден тапсырыстар қабылдайды.
Бүгінгі таңда Қазақстандағы емдеу мекемелерінде қолданылатын медициналық шприцтердің басым бөлігі Атырауда шығарылады. «Брандо» ЖШС шығаратын бір реттік шприц зауытының өнімі елімізде ғана емес, сондай-ақ, ТМД елдерінің қажеттіліктерін өтеуде.
Қазақстандағы медициналық шприц шығаратын бірегей зауыт бес жылдың ішінде тұрақты түрде әрі сапалы өнімдер шығаруда. Қазір кәсіпорын толық қуатында жұмыс істейді және медициналық өнімдердің түрлерін кеңейтіп те келеді.
Бүгін Ұлттық арнадан сағат 19.10-да «Индустрияландыру: Ұлттық өндіріс» хабарынан «Брандо» медициналық тауарлар шығаратын зауыттың бүгінгі тынысымен таныса аласыздар.