Қызылордада жаттықтырушылардың біліктілігін арттыруға арналған республикалық семинар өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада жаттықтырушылардың біліктілігін арттыруға арналған республикалық семинар өтуде

19.02.2015
Қызылордада жаттықтырушылардың біліктілігін арттыруға арналған республикалық семинар өтуде

Қызылорда қаласында спорт саласы бойынша жаттықтырушы-оқытушы және әдіскерлердің біліктілігін арттыруға арналған республикалық семинар өтуде. Үш күнге созылатын шараға Қызылорда қаласы мен аймақтардан 300-ге жуық жаттықтырушылар қатысып жатыр, деп хабарлады Мәдениет және спорт министрлігінің ресми сайты.

Семинарда сөз алған облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Садық Мұстафаев, мұндай біліктілік арттыру семинарының спорт саласы мамандарының білімділігі мен біліктілігін арттыруда маңызы зор екендігін айтты.

«Қызылорда өңірінде бұрын-соңды болмаған «Мұз айдыны» спорт кешені, теннис орталығы, әр аудан орталықтарында, елді мекендерде пайдалануға берілген, құрылысы жүргізіліп жатқан спорттық-сауықтыру кешендері - Елбасының Жолдауынан туындаған бағыттар ретімен жүзеге асырылуда», — деді басқарма басшысы.

Шараға қатысып жатқан білікті мамандар салаға қатысты тақырыптарда теориялық дәрістер оқып, практикалық сабақтар жүргізіледі. Семинар соңында сала мамандарына арнайы сертификаттар табысталады.

Хабарламаларға жазылу