Іскерлік жаңалықтар тарататын 7kun.kz сайты ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Іскерлік жаңалықтар тарататын 7kun.kz сайты ашылды

19.02.2015
Іскерлік жаңалықтар тарататын  7kun.kz сайты ашылды

Қазақ тілінде қаржы-экономика, бизнес тақырыбында ақпарат тарататын  7kun.kz іскерлік жаңалықтар сайты ашылды. Сайт оқырманға күн сайын іскер әлем жаңалықтары мен танымдық ақпарат, мультимедиалық өнімдер ұсынбақ.

«Кәсіпкерлік, қаржы-экономика тақырыптарында қазақ тілінде ақпараттық-танымдық материалдар аз. Оқырмандар отбасылық бюджет, банк  қызметтері бойынша ақыл-кеңестер, кәсіпжүргізу бойынша бағыт-бағдар беретін жарияланымдарға зәру. Жаңалық таратумен қатар, біз осы бағытта да оқырманның сұранысын барынша қанағаттандыруға тырысамыз. Қазіргі әлемдік дағдарыс жағдайында іскерлік жаңалықтар өзекті бола түседі», - дейді сайттың бас редакторы Дінмұхамед Зиядин.

Бұл ретте ресурс «Қаржы кеңесшісі», «Кәсіпкер», «made in kz» және басқа да арнайы жоба, айдарлар арқылы оқырманға түрлі кеңестер мен керекті мәліметтер ұсынбақ.  Мультимедиалық өнімдер ұсыну, конвергентті редакция құру – жобаның басым бағыттарының бірі. Сайт оқырмандары тұрақты түрде видео, фоторепортаждар, инфографика, подкаст түрінде ақпараттармен таныса алады.

Хабарламаларға жазылу