Үкіметте ҚР Президенті тапсырмаларын жүзеге асыру іс-шаралар жоспары қаралады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкіметте ҚР Президенті тапсырмаларын жүзеге асыру іс-шаралар жоспары қаралады

19.02.2015
Үкіметте ҚР Президенті тапсырмаларын жүзеге асыру іс-шаралар жоспары қаралады

Ертең ҚР Үкіметінің отырысында Елбасы тапсырмаларын жүзеге асыру іс-шаралар жоспары қаралады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мәлім етті.

Министр сөзінде отандық компаниялардың өнімдеріне ішкі сұранысты қолдау және жаңа жұмыс орындарын құру үшін осы жылдың ақпанынан «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында жоспарланған барлық жобаларды қаржыландыруды бастау тапсырылғанын еске салды.

«Үкімет Мемлекет басшысының 2015 жылдың 11 ақпанында Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын жүзеге асырудың іс-шаралар жоспарын нақты мерзімін көрсете отырып әзірледі. Ертең аталған жоспар Үкімет отырысында қаралатын болады», - деді Е.Досаев.

Хабарламаларға жазылу