Тойдан пайда тапқан балалар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тойдан пайда тапқан балалар

18.02.2015
Тойдан пайда тапқан балалар

Еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін жиылатын қазақтың тойларында бірі әнін айтып, бірі биін билеп, бірі сиқырын көрсетіп, нәпақа табатындар жеткілікті.

Бірақ, кейінгі кездері тойда кішкентай балалардың да ән айтып, би билеп, өнер көрсетуі жиіледі. Балалардың қуанышты тойларда өнерін ортаға салғанында тұрған ештеңе жоқ, егер ол туған-туыстың қуанышы болса.

Қазір оң-солын енді танып жатқан балалар тойларға арнайы шығып, табыс тауып жүр. Тіпті, кейбір ата-ана балалардың әнін жаздырып, киімдерін алып, тойда табыс табуына мүмкіндік жасап қойған.

Бұл қаншалықты дұрыс? Ерте жастан еңбекке үйретудің бала психологиясына қаншалықты әсері бар? Бүгін 21.05-те «Айтуға оңай...» шынашақтай балалардың өнері мен өміріне үңіліп көрмек.

Хабарламаларға жазылу