«Фото өнерінің кез келген саласында эмоцияға көп көңіл бөлінеді. Егер сурет эмоционалды болса, ол әрі қызық, әрі әсерлі. Сондықтан, сәбиді суретке түсіргенде, алдымен оның эмоциясына көңіл бөлу керек. Екіншіден, жарықты үнемді пайдаланған жөн. Сонымен қатар, бейненің маңайындағы заттарға аса мән беру қажет»,-дейді фотограф.
Жақында Шанхайда өткен дүниежүзілік көрмеге қатысып қайтқан суретші: «Көрме дүниежүзілік деңгейде өткендіктен, әсері үлкен. Бір ғана балаларға арналған сурет көрмесіне 15 мың шаршы метр бөлінген. АҚШ, Италия, Жапония, Корея, Малайзия, Түркия сынды мемлекеттерден әріптестеріміз жиналды. Онда бір-бірімізден пікір алмастық. Заманауи техника арқылы суретке түсіру технологиясымен таныстық»,-дейді.
«Баланы суретке түсірерде, сәбидің шаттанып жүретін кездері болады. Сол сәтті аңдып отырып, суретке тартқан дұрыс. Сондай-ақ, баланың жақсы көретін ойыншығы, ән тыңдап отырған кезі, сүйікті мультфильмі сияқты элементтердің барлығын пайдалана білу қажет».
Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.
Еске сала кетейік, «Таңшолпан» бағдарламасында «Балам бақытым» атты фотосуреттер байқауы өтуде. Байқауға бүлдіршіндердің балдай тәтті қылығы бейнеленген фотосуреттерін жіберу болады.