Халықаралық Олимпиада комитетінің Алматы өтініміне қолдау білдіруіне барлық мүмкіндіктер бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халықаралық Олимпиада комитетінің Алматы өтініміне қолдау білдіруіне барлық мүмкіндіктер бар

15.02.2015
Халықаралық Олимпиада комитетінің Алматы өтініміне қолдау білдіруіне барлық мүмкіндіктер бар

Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) Бағалау комиссиясының мүшелерімен кездесті.

Шаһар басшысы «Алматы-2022» концепциясына ХОК сарашылары айтқан ұсыныстардың енгендігін, спорттық нысандардың бірыңғай Олимпиада паркінде орналасатынын атап өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ресей Олимпиада комитетінің президенті, 2014 жылы Сочи қаласында өткен Қысқы Олимпиада және Паралимпиада ойындарын ұйымдастыру комитеті басқармасының төрағасы Александр Жуков ХОК атқару комитетінің Алматы өтініміне қолдау білдіруіне барлық мүмкіндіктердің бар екендігін айтты.

 «Егер жеңіске жететін болса қалаға, ХОК тарапынан 880 миллион АҚШ доллары көлемінде қолдау көрсетіледі», - деді А.Жуков.

Айта кетейік, 2022 жылғы XXIV Қысқы Олимпиада және XIII Паралимпиада ойындарының астанасы атанатын қала үстіміздегі жылдың 31 шілдесінде Куала-Лумпурде (Малайзия) жасырын дауыс беру арқылы анықталады.

Хабарламаларға жазылу